АҚШ президенті Дональд Трамптың бұрынғы дәрігері Харольд Борнстейн, Трамптың денсаулығына қатысты 2016 жылы президент сайлауынан бұрын жарияланған анықтаманы өзінің жазбағанын, оны Трамптың жаздырғанын айтты, деп хабарлайды, "yeniakit.com" халықаралық ақпарат агенттігі.
CNN телеарнасына берген сұхбатында осылай деген дәрігер, Дональд Трамп президент тағына отырғанша оның жеке дәрігері міндетін атқарған. Көпшілік үшін тосын жаңалыққа айналған осы хабарды мәлімдеген дәрігер, «Егер, сайлауда Д.Трамп жеңіске жетсе, ол бүгінге дейін ел басқарған президенттердің ішіндегі денсаулығы ең мықты президент болар еді» , - деген мазмұндағы дәрігерлік анықтаманы өзі жазбағанын айтқан.
Борнстейннің айтуынша, Трамптың жеке оққағары кейін одан Трамптың денсаулығына қатысты құжаттарды ұрлап алған. Трамптың бұрынғы дәрігерінің президенттің бұндай құпиясын неге жариялағаны ешкімге белгісіз. Ал, 1 мамыр күні өткен брифинте АҚШ президентінің баспасөз хатшысы Сара Сандерс, Ақ үйдің осы құжатты бекітілген тәртіппен алғанын айтқан.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді