Бұдан былай, жүргіншілер бағдаршам жоқ қиылыстардан жалау ұстап өтуге міндеттеледі. Астана қаласы ішкі саясат басқармасының мамандары әлгіндей жаңашылдық жолдағы қауіпсіздікті сақтауға септеседі дейді.
Елордада соңғы 3 жылда жүргіншілер өткелінде 455 жол-көлік оқиғасы тіркелген екен. Салдарынан 207 жеткіншек мертігіпті. Шенділер мұндай жайт қайталанбас үшін, бастамашы топтың идеясын мақұлдап, жарық шағылысатын жалауларды жол жиектеріне орнатуды көздеп отыр. Пилоттық жоба ертеңнен бастап жүзеге аса бастайды. Әкімдік қызметкерлерінің сөзінше, көлік жүргізушілерінің көбі, әсіресе түнгі уақытта жолдан өтіп бара жатқан адамдарды байқамай қалады екен. Егер тұрғындар жарық шағылысатын жалауларды алып өтсе, онда апат саны да сирейтін еді дейді олар.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті