Отандастарымыз небәрі 3 айда 113 миллиард теңгені өзге мемлекеттерге аударып үлгерген. Қаражаттың көбі іргедегі Ресейге жіберіліпті. Бұл туралы ranking.kz порталы мәлімдеді.
Биыл қаңтар мен наурыз айларында басқа елдерге жөнелтілген қаржы көлемі былтырғы жылмен салыстырғанда 36,4 пайызға көп. Қазақстаннан асырылған ақшаның 50 млрд теңгесі Ресей қазынасына құйылыпты. Табысын Түркияға, одан қалды Өзбекстан мен Қырғыз еліне тасып жатқандар да бар. Аталған мемлекеттерге аударылған қаражаттың жалпы көлемі 40 млрд теңгеге жуықтайды.
Осы тұста, өзге елдерден Қазақстанға жіберілген ақша көлемі анағұрлым артпаған. Небәрі 5,9 пайыз өсім көрсетіпті.
“The Qazaq Times”


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы