БҰҰ-на қарасты Халықаралық Рахымшылық Ұйымы (Amnesty International) 2017 жылы дүниежүзінде шамамен 1000 адамның өлім жазасына кесілгенін мәлімдеді. Бұл туралы Би-Би-Си ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Халықаралық рахымшылық ұйымы өлім жазасына қатысты шындықтың бетін ашты. 2017 жылы дүниежүзі бойынша тіркелген өлім жазаларының 84 %-ы Иран, Пәкістан, Сауд Арабиясы және Ирак елдерінде орын алыпты. Ұйым 2017 жылы үкімі берілген өлім жазасына қатысты мәселеде қандай да бір мәлімет беруден бас тартқан Қытайды есепке алмағандарын, егер осы елдегі өлім жазасы есепке алынар болса, бұл көрсеткіштің одан да артатынын хабарлауда.

Өлім жазасы қолданылатын елдердің саны бір жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда, ешқандай өзгеріссіз, яғни 23 елде бар.

Алайда, өлім жазасы қолданылатын елдер арасында өзгеріс бар. Мәселен, Бахрейн, Йордания, Кувейт және Біріккен Араб Әмірліктері мұндай жаза түрін өткен жылдан бастап қолдануда. Ал бұған кереғар, 2016 жылы өлім жазасын заңдастырған 5 ел — Боствана, Эндонезия, Нигерия, Судан және Тайуан (Тайвань) елдері 2017 жылы мұндай жаза түрінен бас тартқан. 2017 жылы 2 ел (Қытай мен Моңғолия) өлім жазасын толықтай жойған.

Халықаралық Рахымшылық Ұйымы 2017 жылғы бірқатар елде қолданылған өлім жазасының әділеттілік тұрғысынан халықаралық критерийлерге сәйкес келмейтінін хабарлады.

“The Qazaq Times”