Сәрсенбі күні АҚШ Теңіз күштерінің жетінші флоты хабарлама таратып, «Рузвельд» ұшақ тасымалдаушы кемесінің Манилаға жеткенін, екі ай ішінде Филиппинге жетіп болатынын хабарлады. Бұл АҚШ-тың Қытайға жақын су айдынына баратын екінші супер тасымалдаушы кеме болмақ. Бұл туралы VOA ақпараттық сайты хабарлады.
«Рузвельд» ұшақ тасымалдаушы кемесінің командирі, теңіз армия адмиралы Стив Кохлердің (Steve Koehler) айтуынша, Маниладан соғыс ұшақтары мен басқарылмалы зымырандарды толықтап алғаннан кейін, «Рузвельд» Филиппинге қарай жолға шығады. Оның айтуынша АҚШ-пен Филиппин теңіз күштері ұзақ уақыттан бері сақталып келе жатқан ынтымақтастықты тереңдете түспек.
«Рузвельд» кемесі жолға шығудан бұрын АҚШ Теңіз-әскери күштері Оңтүстік Қытай теңізінде әскери оқу-жаттығу өткізген. 20 F-18 ұшақтары 20 минут ішінде ұшып-қону жаттығуларын қамтыған, теңіз күштерінің барлық қабілетін көрсететін жаттығуларды жасаған. Филиппиннің әскери шенділері аталған оқу-жаттығуды қадағалаған. Стив Кохлердің айтуынша АҚШ теңіз күштерінің оқу-жаттығуы кезінде Қытайдың соғыс кемелері жақын маңда жүзіп өткен.
Қытай мен Филиппин арасында талайдан бері Оңтүстік Қытай теңізінің иелік құқығы дауы шешілмей келеді. 2016 жылы президент Дуттерт билікті қолына алғаннан кейін, АҚШ-пен Теңіз күштерінің ынтымақтастығын сақтаумен қатар, Қытаймен де қарым-қатынасты жақсартуға тырысты. Ол Бейжіңмен арадағы даулы мәселелерді тоқтатып, экономикалық қарым ынтымақтастықты тереңдетуді қолға алған. Айталық, даулы теңіз айдынындағы ресурстарды ортақ ашып, пайдалану жобаларын ортаға салған.
«Рузвельд» Манилаға жетуден бір күн бұрын Филиппин президенті Дуттерт Қытайдың Хайнан (Hainan) провинциясындағы Боао халықаралық форумына қатысып, Қытай басшысы Ши Жинпиңмен кездесу өткізген. Хабарға қарағанда, ол бұл рет Қытаймен миллиардтаған АҚШ доллары құнына ие инвестиция жобасына ниет білдірген.
АҚШ тарабы болса Оңтүстік Қытай теңізі аймағын өз тарабынан ешбір территория ретінде иелік етпейтіні, тек осы бір маңыз теңіз тасымал жолының халықаралық құқыққа сәйкес ортақ пайдалану мәселесін қорғайтынын мәлімдеген. АҚШ Теңіз армия жетінші флотының мәліметінде, «Рузвельд» Филиппинге жеткеннен кейін АҚШ тарабының осы міндетін атқаруға тырысады.