АҚШ пен Ресей арақатынасы соңғы уақытта одан ары бұзылды. АҚШ-тың соңғы санкцияларынан Ресей алпауыттары бизнесінің қатты шайқалғаны белгілі.

Салдарынан акциялар мен рубль курсы тағы да құлады. Әрине , осыдан былай Ресей дереу құрдымға кете қалмайды. Ресей олигарх-алпауыттары өз бизнестері мен акцияларымен мемлекет есебінен қалпына келтіреді, ал Ресей бюджетінің орталануы орыс халқының тұрмысын төмендетеді.

Бүгінгі күні Ресей орысы Путинді әлі қолдайды. АҚШ пен бірге Ұлы Британияның Ресейге деген көңілі бұзылды. Орыс барлаушысы Скрипаль және оның қызына жасалған қастандықтан кейін Ресей мен Ұлы Британия арақатынасы одан сайын шинелісе түсті. Еуропалық Одақ пен Ресей қатынасы да мәз емес, оған Ресейдің 2014 жылғы Қырым аннексиясы мен Шығыс Украинаға агрессиясы әсер етті. Украина-еуропалық мемлекет, соғыс Еуропаға келді, украин босқындары Польша мен Германияда қаптап жүр. Бірақ Германия мен Ресей экономикалық қатынасы әлі құлаған жоқ. Ресей Сүриядағы әскери операциясында Башар Асадты қолдайды, демократиялық оппозиция Башар Асадқа қарсы соғысып келеді, екінші рет химиялық қару қолданған, бейбіт тұрғындар арасында шығын бар. Бұл жағдайлар Еуропа мен Ресей арасының шырқын бұзып келеді. Екінші Қырғи қабақ соғысын 2007 жылы бастаған. Бірінші Қырғи қабақ соғысы 1946-1991 жылдары болып, КСРО-ның ыдырауымен аяқталды. Екінші Қырғи қабақ соғысы Ресейдің ыдырауымен аяқталады.

“The Qazaq Times”