Кеше Қытай басшысы Ши Жинпиң (Xi Jinping) Боао форумының ашылу салтанатында сөз сөйлеп, Бейжің билігінің реформаларды кеңейтіп, шетелдерге ашық саясат ұстанатынын мәлімдеген еді. Бұл АҚШ наразы болып келген сауда саясатын өзгертіп, шетелдік тауарлар мен шетелдік компанияларға жеңілдіктер жасайтын жаңа саясат екенін алға тартқан. Трамп осыдан кейін өзінің Twitter парақшасында Ши Жинпиңге рахмет айтты. Бұл туралы «WJS» басылымы хабарлады.
Сейсенбі күні АҚШ президенті «Твиттер» парақшасына: «Қытай төрағасының тарифтер мен автокөлік салықтары туралы достық пейіліне дән ризамын. Сондай-ақ, зияткерлік меншік құқығы мен технологияларды өткеріп беру ісінде де бірқатар оңды өзгерістер жасады. Біз алдағы уақытта бірлесе отырып, үлкен жетістіктерге жететін боламыз», – деп жазды.

Трамптың Твиттер парақшасы. Фото: VOA.
Қытай үкіметі АҚШ-Қытай сауда соғысы басталуының алдында шетелдік өнімдер мен шетелдік компанияларға деген қатаң саясатын өзгертіп, Құрама Штат талабын орындауға келісім берді. Бұл Трамп үкіметінің Қытайға бағытталған жазалау шарасын тоқтатуы мүмкін. Дегенмен, Уашингтон алдағы уақытта қандай нақты жауап қайтаратыны анық емес.
















ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы