«Global Fire Power» порталы халықаралық әскери күштерге қатысты 2018 жылға арналған кезекті рейтингтік-есебін жариялады. Мұндай рейтингті жасауда 50-ден астам фактор назарға алынып, әлем елдерінің 2/3-тен астамы қатыстырылады екен.
Алғашқы үштік ұзақ уақыттан бері ешқандай өзгеріссіз көш бастап келеді. Олар — бірінші орында — АҚШ, екінші орында Ресей, ал үшінші орында Қытай.
АҚШ-тың Қарулы күштерінде 2 363 675 мың адам, 13 762 мың авиатехника бірліктері мен 5 884 танкіге ие. Ал қорғаныс бюджеті 587.8 млрд. долларды құрайды. Ресейде 3 371 027 әскер, 3 794 авиатехника және 20 216 танк бар. Қорғаныс саласының шығындары 44, 6 млрд. долларды құрайды. Ал Қытай армиясында 3 712 500 әскери, 2 955 авиатехника бірліктері, 6 457 танк болса, қорғаныс бюджеті 161, 7 млрд. долларға тең екен.
Аталған портал рейтинг құрау кезінде төмендегідей факторлардың басшылыққа алынғанын да жасырмады:
- Ядролық қарулар есептелмейді. Тек кәдімгі қарулар есепке алынады. Алайда, ядролық қаруы бар елдер рейтинг түзу барысында белгілі бір бонусқа ие бола алады.
- Тізім жасауда әр елдегі қару саны есептелмейді. Тек қарудың әртүрлілігі мен сапасына мән беріледі.
- Географиялық параметрлері, инфрақұрылымдары мен табиғи ресурстары да әсер етеді.
- Халық саны мен жұмыс күші де ақтық бағалау кезінде назардан тыс қалмайды. Қай елдің халық саны көп, сәйкесінше сол елдің рейтинг басында тұру мүмкіндігі жоғары.
- Шекарасында теңізі жоқ елдерге флот болмағаны үшін салық салынбайды. Ал әскери-теңіз қару-жарақтарының түрі шектеулі елдерге салық салынады.
- Кез келген елдің ағымдағы әскери-саяси басшылығы назарға алынбайды.
Сонымен қатар, осы тізімді жасау барысында әрбір елдің әскери саласының технологиялық тұрғыдан қаншалықты алда екендіктері, әскери майданда қанша мерзімге дейін қала алу мүмкіндіктері бар екені және әскери операциялар кезіндегі қабілеттері де ескерілген. 60 елден тұратын осы тізімде Қазақстан 54-ші орында тұр.
Сонымен қатар, әр елдің әскери бөлімшелері, әскерлерінің жабдықталуы да әртүрлі болатыны рас. Төменде сондай әскери бірліктердің ең ерекше дегендерін өздеріңізбен бөліспекпіз.