Түркия елінің Вице-премьер Хакан Чавушоғлу Өзбекстан вице-премьері және Мемлекеттік инвестиция комитетінің басшысы Сухроб Холмурадовты қабылдады.
Кездесуде екі ел арасында күнен күнге нығайып келе жатқан қарым-қатынасты атап айтқан Чавушоғлу Түрік Ынтымақтастық және координация басқармасының Өзбекстанда жүзеге асырған жобаларының маңыздылығының аса зор екенін тағы бір рет ескертті.
Хакан Чавушоғлу бұдан кейін де Өзбекстаннан келетін сұранысқа орай жаңа жобалар жүргізуді мақсат еткендерін айтты. Ол Түркияда көптеген өзбек студенттің оқып жүргенін және де өзбек мемлекет қызметкерлеріне де магистратура стипендиясын беруге дайын екендерін жеткізді.
Вице-премьер Холмурадов мырза, «Президент Режеп Тайып Ердоғанның осы айдың аяғында болатын, Өзбекстан сапары екі ел байланыстарын тарихи шыңына жеткізеді» деді.
Тұлпар Жәнібек

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті