Батыс елдерінің дипломатиялық қысымында қалған Ресей басшысының Анкара сапары өңірде және Батыс дүниесінде бірқатар сөзге тиек болды. Кеше кеште Кремль мәлімдемешісі Дмитрий Песков жасаған мәлімдемеде: «Екі ел басшысы ауылшаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты және екіжақты жылдам дамып келе жатқан сауда-экономика мәселелерін талқылады», – делінген.
Мәскеу тарабының мәлімдемесінде айтылмағанымен, екі басшы арасындағы кездесуде өңірдегі маңызды саяси шешімдер, әскери қару-жарақ сату-сатып алу мәселелері талқыланатын Анкараның алдын ала берген мәліметінде көрсетілген болатын. "Анадолы" ақпараттық агенттігінің хабарында, ЕО мен НАТО елдерін алаңдатып отырған ресейлік S-400 зымыран қорғаныс жүйесін өткізіп алу істерінің де сөз болатынын айтқан болатын.
Тәуелсіз сарапшылардың пікіріне қарағанда, бұл кездесу Ердоғаннан көрі, Путинге көбірек пайдалы болмақ. Бұл кездесу арқылы Ердоған батыс елдеріне қыр көрсетсе, Путин «менен де бет бұрмаған Батыс елі бар» дегенді дәлелдеді. Ал, Түркия, Иран және Ресей басшыларының кездесуінде Сүрия тақырыбы басты орынға қойылды.


















Ұлттық құрылтай. Атауы қазақша болғанымен мазмұны президенттік бақылауда болмай ма?
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Гренландия мен Данияда Трамптың жоспарларына қарсы жаппай наразылық өтті
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр