"Бүгін Иранның бұрынғы президенті Махмұд Ахмадинежад өзінің жақтастарынан құралған бір топпен бірге "көмекшілерінің тұтқындалуына" байланысты Иран астанасы Теһранда (Тегеран) наразылыққа шықты, - деп хабарлайды "yeniakit.com".
Ол өзінің ондаған жақтаушысымен бірге президенттік кезіндегі көмекшілері Хамид Бакай мен Исфендияр Рахим Мешайдың тұтқындалуына байланысты Имамзаде Салих кесенесінің алдында наразылыққа шыққан.
Ахмадинежадтың бұлай ереуілге шығуының себебіне келер болсақ, оның президенттік кезіндегі көмекшісі Хамид Бакайдың "жемқорлыққа" қатысты істі болып, тұтқындалғаны, ақыры 15 жыл бас бостандығынан айырылғаны белгілі. Ахмадинежадтың, көмекшісінің осылай жазаға тартылуында ешқандай шара қолданбағаны үшін Иерусалим күштері командирі Касым Сүлейманиді араларындағы "байланысты" жария етемін" , - деп қорқытқаны да белгілі. Оның қандай "байланыс" екені әзірге бәрімізге де құпия болып тұр. Ал оның екінші көмекшісі әрі күйеу баласы Исфендияр Рахим Мешай да Теһран Сотында жүргізілген тергеу нәтижесі бойынша қамауға алынған еді.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті