Ақ үй тарабы жақында Иран ядролық мәселесі туралы қайталай мәлімдеме таратып, Иран мен алты ел қол қойысқан келісімге Трамп үкіметі ұсынған өзгерістер енгізілмесе, Құрама Штат аталған келісімнен бір жола шығатынын мәлімдеді. Бұл туралы «People» басылымының сайты хабарлады.
Осы аптаның басында АҚШ президенті Иран ядролық келісімін тағы бір мәрте сынға алып: «Бұл АҚШ осыған дейін қол қойған ең нашар келісімдердің бірі», – деп бағалаған. Ақ үй мәлімдемешісі баспасөз конференциясында бұл пікірді растап, АҚШ президенті келісімге өзгеріс енгізуді Конгресс деңгейінде көтеріп отырғанын айтты. Бұл турасында еуропалық одақтастарымен де пікір бірлігіне келуге тырысып жатқанын мәлімдеді. Мәлімдемеде айтылғанындай, егер аталған келісімге 12 мамырға дейін Трамп үкіметінің талаптары орындалмаса, Құрама Штат Иран ядролық келісімінен шығып кетпек.
Аталған келісімге қол қойған елдер арасында қазірге дейін Израиль үкіметі ғана Уашингтонның пікірін қолдап отыр.

















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес