"Ислам қарсылық қозғалысы ретінде танымал Хамастың қарулы қанаты Иззеддин әл-Кассам бригадасы, Палестинаға қарсы шабуыл жасамауды айтып, Израильге ескерту жасады" , - деп хабарлайды worldbulletin.net халықаралық ақпарат агенттігі. Кассам белсенділері егер Израиль осы жолғы ескертулеріне құлақ аспаса өздерінің ештеңеден тайынбайтындықтарын, жауларына қарсы үлкен күреске дайын екендіктерін айтты.
Иззеддин әл-Кассам бригадасының өкілі Әбу Убейда кеше, яғни 26 наурызда өткен әскери жаттығудан кейін жасаған мәлімдемесінде: "Халқымызды, елімізді, жерімізді қорғап, оларға қарсы жасалатын қандай да бір шабуылдың бетін қайтару үшін бәріне де дайынбыз. Біз халқымызға қатысты кез келген іске салғырт қарай алмаймыз", - деді.
Иззеддин әл-Кассам бригадасы тарапынан өткізілген әскери жаттығудың аяқталғанын айтқан Әбу Убейда, осы жаттығуды өздерінің сионист шабуылдарға қарсы қаншалықты деңгейде дайын екендіктерін жұртқа көрсету үшін ұйымдастырғандарын жасырмады. Ол Палестина шекарасына теңіз және әуе жолдары арқылы шабуыл жасаушы күштерді ыдыратудың өздері үшін түк емес екенін айтқанымен қоймай, сөзіне: "Кассам әскерлерінің қабілеті жоғары деңгейде әрі мықты жаттықтырылған. Жер жүзінде Палестина халқының құқығына қол сұғуға батылы баратын немесе олар қаламайтын қандай да бір жоспарды жүзеге асыра алатын күш жоқ" , - дегенді де қосып қойды.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді