АҚШ үкіметінің дүйсенбі күні жариялаған шешімінде, тыңшылық жасады деген айыппен 60 ресейлік дипломатты бір апта ішінде Құрама Штат территориясынан шығып кетуге бұйырды. Ақ үй мәліметі бұл шешімді растай отырып, Франция, Германия, Польшаны қамтыған кем дегенде 22 ел 137 ресейлікті елінен қуды. Бұл туралы The Wall Street Journal басылымы хабарлады.

Хабарға қарағанда, Ақ үй атап өткен елдердің тізімге Аустралия (Австралия)  кірмеген. Ал Аустралия тарабының бүгін жариялаған мәлімдемесінде, салауаты көрсетілмеген екі ресейлік барлау қызметкерін елден шығарғанын айтқан.

АҚШ Мемлекеттік департаментінің лауазымды тұлғасы бұл туралы түсінік бергенде: «АҚШ үкіметінің елдегі Ресей елшілігінің бірін жабу туралы шешімі – Мәскеудің халықаралық құқықты бұзуына берген жауабы. Оған қоса Ұлыбританиядағы ресейлік бұрынғы барлау қызметкері мен оның қызына жасалған шабуылдың да жауап деуге болады», – деген. АҚШ жоғары лауазымдыларының бірі Ресейдің мақсатты түрде тұрақсыздық тудыру және арандату ісімен айналысып келе жатқанын сынға алған.

BBC-дің бұл туралы хабарында АҚШ пен Еуропа елдерінен қуылған ресейлік барлау қызметкерлері мен дипломаттардың санын анықтап көрсеткен. Айталық: АҚШ-тан 60, Франция 4, Германия 4, Польша 4, Чехия 3, Литва 3, Дания 2, Нидерланды 2, Италия 2, Испания 2 , Эстониядан, Хорватия, Финляндия, Венгрия, Латвия, Румыния, Швеция елдері жеке-жеке бір-бір ресейлік азаматты елінен шығарды. Ал, Еуропа елдері арасынан Украина 13 ресейлікті қуып көш бастады. Албания 2, Канада 4, Норвегия 1 ресейлікті шекарасынан шығарды.

Дегенмен, Батыс елдерінің Ресейге жасаған бұл қадамдары Мәскеу билігін райынан қайтара алмай отыр. Кремль тарабы бұрынғы ресейлік барлау агенттінің өліміне еш қатысымыз жоқ деуден ары аспады. Өз кезегінде Ресей де шетелдік дипломаттарды шығаратынын мәлімдеген.

 “The Qazaq Times”