Кеше кешкісін сағат 21:00-де Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев халыққа үндеу жасады. Үндеуде президент бүгін болатын жыл сайынғы дәстүрлі жолдауын жазбаша жасайтынын мәлімдеді.
Жолдау «Қазақстанның үшінші жаңғыруы» деп аталады. Онда ұлттық экономиканы, көлік логистикасын дамыту, ауыл шаруашылығын, адам капиталын және халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталады.
Бұрын басты бағыт шикізат өндіруге арналса, ендігі бағыт өндіріске, инновацияға негізделеді. Жолдау ертең БАҚ құралдарында жарияланады. Бір ерекшелігі, жолдау жылдағыдай Елбасының аузынан емес, БАҚ-арқылы халыққа таратылатын болады.
“The Qazaq Times”


















«Думанның өміріне тікелей қауіп төніп тұр»: Түрмедегі қысым мен заңсыздыққа байланысты шұғыл баспасөз мәслихаты өтті
10 КҮНДЕ НЕ ӨЗГЕРДІ? Покровск маңындағы қасап, дрон соғысы және жаңа Бас қолбасшының тактикасы
Майдан мен тылдағы қажыту соғысы: 12-14 шілдедегі әскери-стратегиялық ахуал
Ресейге қысым: «Патриот» жүйесі мен Трамптың Зеленскийге мақтауы нені аңғартады?
Субсидия дауы: 27-томдағы жұмбақ. Алмасбек Садырбайдың денсаулығы сыр берді
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті