CNN арнасының хабарына қарағанда, АҚШ президенті Дональд Трамп Флорида штатында өткен бір реткі үкімет отырысында Қытай компартиясының ел Конституциясына өзгеріс енгізу ұсынысы туралы пікірін білдірген. Трамп сөзінде Қытай басшысының мерзімсіз билікке ұмтылып жатқанын айта келіп: «Ол қазірдің өзінде шексіз мерзімдегі мемлекет төрағасы болып отыр», – деген. Бұл туралы аталған америкалық телеарнаға сілтеме жасай отырып, VOA ақпараттық сайты хабарлады.
Трамп сөзінде: «Ол мұны істей алады, меніңше бұл ғажап іс. Мүмкін уақытында біз де оны сынап көрерміз», – деген. Алайда, оның сөзі күлкі мен мысқыл аралас айтылған. CNN мен VOA хабарында: «Оның бұл сөзі әзіл ме, әлде шын ниеті ме? – бұл жағы бізге түсініксіз», – делінген.
26 ақпандағы баспасөз конференциясы кезінде, Ақ үйдің ресми мәлімдемешісі Сара Сандрстен Ши Жинпиңнің өкілетті мерзімін ұзарту ісі туралы сұрағанда: «Менің ойымша бұл Қытайдың өзі үшін ең жақсы талғам», – деген пікірін айтқан.
















ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы