Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Құрама Штатты сынға алып, «Ресейге қарсы ядролық қару қолдану мақсатында Еуропа қарулы күштерін дайындауда» деді. Ресей СІМ басшысы бұл пікірін БҰҰ-ның Женевадағы кеңсесінде өткізілген «Ядролық қарусыздану» тақырыбындағы конференцияда алға қойды. Бұл туралы «People» басылымы хабарлады.
Ресей лауазымдысы сөзінде: «Қазір әлем былықпалық күйінде тұр. Әсіресе, жаһандық және аймақтық деңгейдегі қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін жүйелі әрі ортақ талпыныс жасау керек», – дей келіп, АҚШ Еуропада стратегиялық маңызға ие емес, шағын ядролы қарулар арқылы «ядролық қарусыздану» процесіне тосқауыл қойып отырғанын атап өтті.
Лавров сөзінде: «АҚШ армиясы Ресейге қарсы ядролық қаруларды қолдану мақсатында Еуропа елдерінің қарулы күштерін жаттығудан өткізуде», – деген сөзін кірістірді.
Аталған конференцияда пікірлер мен ұстанымдардың ұқсамастығына қарамастан, әлемдегі басым көп елдің атом қаруын қолданбауды, ядролық қаруларды шектеу туралы ұсынысты қолдайтынын байқатты.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы