Барселонада өткен Бүкіләлемдік мобильді конгрестің негізгі тақырыбы - "5G" мобильді қосымшасын енгізу арқылы жаңа мобильді дәуірді қалыптастыру, - деп хабарлайды Euronews ақпарат агенттігі.
2020 жылға қарай ғаламтор желісіне жалпы 50 млрд құрылғы қосылады деген болжам бар.
"Qualcomm Europе" президенті Энрико Сальватори (Enrique Salvatori): "Мобильді заттар" концепциясы болашақта бір ортақ желіге тек адамдар емес, бізді қоршаған барлық заттардың қосылатынын білдіреді. Ол үшін 1 шаршы шақырым жерде 1 млн-ға дейін құрылғыны қоса алатын жаңа желі ойлап табу керек. "5G" негізі ретінде дәл осы алгоритм алынады", - деді.
Осылайша "Qualcomm Europе" компаниясы Барселонада "5G"-ге қосылған автокөлік концепциясын ұсынды.
BMW компаниясының өкілі Дитер Мэй (Dieter May): " "Ақылды" көліктер дәл смартфон немесе сағат сияқты тұтынушыларымыздың сандық өмірінің ажырамас бір бөлігі болады. Нәтижесінде олардың көлігіне деген қарым-қатынасы өзгереді, себебі көлік қуатты, мобильді компьютерге айналады", - деді.
Компанияның есебі бойынша, автокөлік индустриясына "5G" енгізуден түсетін пайда 2035 жылға қарай 2 трлн еуроны құрайды.