Сүрия, Ауғанстан сынды елдердегі соғыс салдарынан қарапайым халықтың тектен текке қырылып жатқаны белгілі. Бұдан бөлек "Ислам мемлекеті", "Талибан"сияқты террорлық топтардың күн өткен сайын шабуылды күшейтуінен бар әлем жерініп отыр. Ал олардың оңды солды оқ атуы халықтың тынышын алды. Тіпті адам өлімінің көбейгені соншалық, оларды есепке алудың өзі мұң бола бастады. Ал есепке алынбай, өлім құшып жатқаны қаншама?