Неміс экологтары дизельмен жүретін автокөліктерге тыйым салу шешімін құптайды, - деп хабарлайды Euronews ақпарат агенттігі.
Штутгарт пен Дюссельдорф әкімшілігі едəуір ластанған аумақтарда ескірген көлік құралдарының жүруіне тыйым салды. Германияның қоршаған ортаны қорғау жөніндегі ұйымы (DUH) бұл Еуропадағы басқа мемлекеттерді де ұқсас шараларға итермелеуі мүмкін деген ойда.
«Германияда тамаша күн болды, біз қала тұрғындарының таза ауамен демалу құқығы үшін күрескен болатынбыз. Федералдық әкімшілік сот бізбен барлық тармақтарда келісті, дизельдік автокөліктерге тыйым салу заңды болып табылады», - деп мәлімдеді дейді DUH компаниясының басқарушы директоры Юрген Решь (Juergen Resch).
Қауіпті азот оксидінің (NOx) Еуропалық Одақ елдері үшін рұқсат етілген көлемінен неміс қалаларының 70-тен астамы асып кеткен. Сол себепті «Гринпис» компаниясының өкілі Никлас Шинерл (Niklas Schinerl) : «Бұл біз үшін үлкен жеңіс. Себебі осындай ұйымдар мен қоғамдастықтар адамдардың денсаулығын қорғауға мүмкіндік береді. Ал дизельмен жүретін көліктерге тыйым салу - қаладағы адамдардың денсаулығын қорғауға ұмтылу», - дейді.
Бұл шешім неміс жолдарындағы миллиондаған автокөліктердің бағасына әсер етуі мүмкін, бірақ үкімет ештеңе өзгертпейтінін мәлімдеді.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы