Иерусалимдегі шіркеу Израиль саясатына нарызылық ретінде 3 күн жабық болғаннан кейін сәрсенбі күні қайта ашылды, - мәлімдейді Al Jazeera ақпарат агенттігі.
Кілттерге жауапты Адеб Джуде (Adeeb Joudeh) шіркеу жергілікті уақыт бойынша, сағат 04.00-те ашылғанын айтты.
"Бұл жеңіс. Пасха да келе жатыр. Жүздеген адам 3 күн бойы шіркеу сыртында дұға етуге мәжбүр болған" - дейді Джуде.
Христиандардың көпшілігі бұл шіркеуді ерекше қасиетті санайды. Жексенбі күні католик, армян және грек шіркеу өкілдері Израильдің Иерусалимдегі христиандардың құқығын шектеуге байланысты наразылықтарын білдіріп, шіркеу есігін жауып тастаған.
Бұл шіркеу соңғы рет 1990 жылы 48 сағатқа шіркеу жанындағы ғимаратты алған еврейлердің наразылығынан жабылған болатын.
Шіркеу басшыларының айтуынша, бұл шешім бірнеше факторға негізделді. Олардың ішінде бұрын жеке компаниялар жалға алған шіркеу объектілерін енді мемлекеттің қайта қолына алуы туралы заң жобасы бар. Тағы бір себебі ретінде шіркеулерге салық салу қарастырылған.
Израильге "палестиналық христистиандарға қысым көрсетті" деп халықаралық қоғамдастық айып таққаннан кейін сейсенбі күні Израиль үкіметі шіркеулерге және олардың мүліктеріне салық салу туралы заңды тоқтата тұруға шешім қабылдады.