Өзбекстан бас прокурорының бұрынғы орынбасары Ұлықбек Суннатовқа қылмыстық іс қозғалды. 45 жастағы полковникті прокуратура қызметкерлері 24 ақпанда өз үйінде ұстаған. Шенеунік тергеу сұрақтарына жауап бере бастады, деп хабарлады Орталық Азия жаңалықтар қызметі.
2017 жылдың аяғынан бастап Ташкент облысының прокуроры болып істеген Ұлықбек Суннатов биыл 5 қаңтарда "жұмыстағы өрескел қателігі үшін" президент жарлығымен жұмыстан алынған.
Бас прокуратура қызметкерінің хабарлауынша, Суннатов бұрынғы бас прокурор Рашид Кадыровқа қатысты қозғалған қылмыстық іс аясында тұтқындалған. Кадыровтың ұсталғаны 22 ақпанда белгілі болған.
Дереккөз мәліметіне қарағанда, қазір Ұлықбек Суннатовты Бас прокуратура ғимаратында тергеп жатыр. Ол "қызмет бабын асыра пайдалану" және "пара алу" қылмыстарын жасады деген күдікке іліккен.
Бұнымен қоса Суннатов Өзбекстан Ұлттық Паралимпиада қауымдастығы төрағасы қызметінен босатылды.

















Майдан мен тылдағы қажыту соғысы: 12-14 шілдедегі әскери-стратегиялық ахуал
Ресейге қысым: «Патриот» жүйесі мен Трамптың Зеленскийге мақтауы нені аңғартады?
Субсидия дауы: 27-томдағы жұмбақ. Алмасбек Садырбайдың денсаулығы сыр берді
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?