Жапондық ферма бананның қабығын жұмсақ, әрі жеуге жарамды ету үшін «ерігенді қатыру» тәсілін пайдаланады, - деп мәлімдейді The Guardian баспасы.
«D & T Farm» фермасы бұл тәсіл банан жасушаларының өсуін олар ерігенше 60 градусқа баяулата алатынын жазды.
Сетсузо Танака (Setsuzo Tanaka) жүргізген зерттеу осындай нәтижеге алып келді. Негізі ол зерттеудің ешқандай ғылым мақсаты болмаған. Ол бұл зерттеумен хобби ретінде айналысып жүрген. Сетсузо: «Банан қабығын енді еш уайымсыз жей беруге болады, себебі құрамында ешқандай химиялық заттар жоқ», - деді.
Зерттеу нәтижесінде «Монге бананы» деп аталған жеміс пайда болды. Ол өткен жылдан бастап Окаямадағы (Киото мен Хиросима арасында) универмагта сатыла бастаған.
Жаңа бананның дәмін татқандар: «Қабығы тым жұқа болғандықтан оны сезбеуге болады. Бірақ бананның өзінің дәмі ананасқа ұқсайды», - дейді.
Әзірге бұл банан тек шағын партиямен шығарылған. Нарықтағы қазіргі бағасы – 648 иен (бір данасына). Ферма өкілі осы жылы бананды 10 есе үлкен партиямен шығаратынын мәлімдеді. Қазір бұл бананды тек Жапонияда өсіріп жатқанымен, болашақта экспортқа шығаруды қолға алуы мүмкін екендігін жеткізді.