Елдегі полиция тарабынан жемқорлықпен айыпталып жатқан Израиль премьер-министрінің үстінен қосымша айыптар жамала түсті. Бұл жолы Беньямин Нетаньяхуға «кеңесшілерін жұмсап сот төрешісін сатып алмақ болды» деген айып тағылды. Айыптаушы тараптың айтуынша, сот төрешісі оның әйелі туралы тергеуді жабатын болса, мемлекеттік прокурор қызметіне тағайындайтынын айтып уәде берген. Бұл туралы «Шинлаң» ақпараттық сайты хабарлады.
Полиция тарабының жасаған мәлімдемесіне қарағанда, Нетаньяхудың бұрынғы кеңесшілері Нир Нефец пен Эли Камирді сот төрешісіне жіберіп, әйеліне қатысты тергеуді жабуды ұсынған және айтқанындай орындаса жоғары лауазымды қызметке тағайындайтынын айтқан.
Израиль премьер-министрінің әйелі Сара Нетаньяхудың үстінен «жалған квитанция беру арқылы мемлекет резервтерін теріс пайдаланған» деген айыппен тергеу жүргізілуде. Бұл істі жергілікті сот төрешісі Хила Грецтелдің тергеуіне берген.
Израиль полиция тарабы премьер-министрдің екі кеңесшінің тергеуге алынғанын, істі Хила Грецтел бірінші болып мәлімдегенін айтты.

















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес