Сүрия оппозициясының көшбасшысы ЕО мен халықаралық қоғамдастықтан Дамаск маңын бомбалауды тоқтату үшін шара қолануды сұрады, - деп хабарлайды Euronews ақпарат агенттігі.
Брюссельге барған сапарында Сүрияның келіссөздер комиссиясының президенті Наср аль-Харири (Nasr al-Hariri) шығыс Гоутада болып жатқан жағдай "әскери қылмыс" екендігін айтты.
Наср аль-Харири: "Одақтастарымыз және олардың жақтастары БҰҰ басшылығымен режимді бірлесіп өзгертуге тырыспаса, сүриялық қақтығыс жалғаса береді. Баспана іздеп елден қаша жөнелген босқындар көбейеді, экстремизм қаупі жаһандық деңгейдегі мәселе болып қала береді. Қандай жағдай болмасын Сүрия өз бетінше шешім қабылдай алмайды: барлығы Ресей мен Иранның қолында. Себебі Ресей келіссөз жүргізуге қызығушылық танытпаса, Сүрия не істей алады?", - деді.
Сәуірде екінші Брюссель конференциясы өтетіндіктен, Сүриядағы жағдай сол кезде халықаралық күн тәртібінде қарастырылады деген үміт бар.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті