Сүрияның Африн қаласындағы Түрік әскерімен соғыста күрд сарбаздарына көмек көрсету үшін үкімет әскері келді, - деп хабарлайды Al Jazeera ақпарат агенттігі.
Күрдтер одағының өкілі Нури Махмуд (Nouri Mahmoud): "Сүрия үкіметі өтінішімізді қабылдап, ел шекарасы мен тұтастығын сақтауға атсалысуға өз әскерін жіберді" , - деді.
Біріккен Корольдіктің адам құқықтары жөніндегі сүриялық обсерваториясы сейсенбі күні түстен кейін жүздеген сарбаз Африн қаласына кіргенін растады. Дамаск сарбаздары Африн қаласына кіріп келе жатқанда түрік әскері ескерту ретінде бірнеше рет оқ атты.
Түркияның мемлекеттік Анадолу ақпарат агенттігінің мәліметінше, Афринге басып кіруге тырысқан террорлық топтар ескертуден кейін қаладан шамамен 10 шақырымға алыстады. Сүриялық САНА агенттігі түрік артиллериясының оқ атқанын растағанымен, артқа шегіну жайлы ешнәрсе жазбады.
Түркияның СІМ-і Мевлют Чавушоглу (Mevlut Cavusoglu) дүйсенбі күні "Сүрия біздің күрдтермен соғысымызға араласатын болса, түрік әскері оларға жауап береді" деген болатын.
Анкара өткен айда өз әскерін Сүрия солтүстігіне өз шекарасын қорғау мақсатында жіберген болатын. АҚШ қарамағындағы "Сүрия демократиялық күштер" ұйымының құрамына кіретін күрдтер одағы ИГИЛ-ға шабуыл жасағаннан кейін Сүрияның солтүстігіндегі біраз аймақты өз бақылауына алды.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді