Израильдік «Delek Drilling» компаниясы Мысырға 15 млрд-қа табиғи газ экспорттайтынын мәлімдеді. Бұл Израильдің газ өнеркәсібі тарихындағы ең қымбат экспорт келісімі (10 жылға жасалады) болайын деп отыр, - деп хабарлайдыAl Jazeera ақпарат агенттігі.
Дүйсенбі күнгі мәлімдемеге сенсек, мысырлық «Dolphinus» компаниясы израильдік «Delek Drilling» компаниясынан және өзінің америкалық серіктесі «Noble»-дан 64 млрд куб метр табиғи газ сатып алмақ.
Израильдің премьер-министрі Биньямин Нетаньяху ( Benjamin Netanyahu) бұл «тарихи» келісім ел қазынасын толтыра түсетінін, сонымен қатар Израиль экономикасын (қауіпсіздігін де) күшейтіп, аймақтық қарым-қатынасын нығайтатынын айтты.
«Delek Drilling»-тың бас директоры Йосси Абу (Yossi Abu) аталған келісім «Мысырды аймақтық энергетикалық орталыққа айналдырады» деді.
Израильдің Жерорта теңізі маңындағы Тамар және Левиафан газ кен орындарынан Мысырға газдың қандай жолмен жететінін компаниялар әлі нақтылаған жоқ. Израильдік компания "оның жолдары көп, EMG (East Mediterranean Gas Company) құбырларын да пайдалануға болады" дейді.
Мысырдың Солтүстік Синайдағы аль-Ариштан (al-Arish) Израильдегі Ашкелонға 2005 жылы жасалған 20 жылдық келісімшартқа сай, EMG құбырлары арқылы табиғи газ тасымалданған (Мысырдың өзнде де табиғи газдың айтарлықтай қоры бар). Құбырға бірнеше мәрте шабуыл жасалғаннан кейін 2012 жылы келісімшарт күшін жойды. Сыншылар Хосни Мүбарак (Hosni Mubarak) кезіндегі келісімшартты жақтырмады, себебі, олардың ойынша, Израиль үкіметі газ үшін аз ақша төлеген.
Израиль өзіндегі Тамар және Левиафан газ кен орындарын 2009 және 2010 жылдары тапты. Сол кезден бері Израиль табиғи газдың халықаралық экспортері атануға тырысып жатыр. 2016 жылдың қыркүйегінде израильдік және иорданиялық фирмалар газға байланысты құны 10 млрд АҚШ доллары болатын 15 жылдық келісімге отырды.
Мысыр Изарильмен 1979 жылы бейбіт келісімге келген алғашқы араб елі болатын.
Израильдің Иерусалимді астана етіп жариялауына байланысты жағдай араб елдерінің наразылығын тудырып, Израиль мен араб елдері арасындағы онсызда кереғар қарым-қатынасты тіпті де ушықтыра түскен болатын. Ал Мысырдың осы келісімшарт арқылы Израильмен жақындаса түсуі басқа араб елдерінен шеттетуі мүмкін.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді