Енді Сауд Арабиясында әйелдерге бизнес ашу үшін ерлерінің рұқсаты керек емес. Бұл туралы сол елдің Сауда және инвестиция жөніндегі министрлігіне сілтеме жасап Arab News хабарлады.

"Енді қамқоршы ерлердің рұқсаты керек емес. Саудтық әйелдер жеке бизнесін қалауынша бастай алады", - деп мәлімдеген министрлік.

Осылайша, әйелдерге ашқалы отырған компаниялары үшін құжат алуға нотариусқа барудың қажеті болмайды. Олар мұның бәрін электронды түрде жүзеге асыра алады.

Елдің әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі департаменттің мәліметінше,  Сауд Арабиясында әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерінің көбеюі  үкімет дамуының үрдісіне сай болып отыр.

"Бұл жаңа қадам біздің отандастардың таланттарын айқындауға және өз идеяларын нақты бизнеске айналдыруға мүмкіндік береді деп ойлаймын. Сауд Арабиясында, әсіресе, коммерциялық салада әйелдердің мүмкіндіктері кеңейе түскеніне куә болып отырмыз", - деді құқық жөніндегі Дима Аль-Шариф.

Ал бұдан бұрын бұл елде әйел адамдар кез келген мемлекеттік құжатты тапсыру үшін өзіне қамқорлық ететін ер адамдардың рұқсаты керек болған.

Айта кетейік, бұдан бұрын Сауд Арабиясы әйелдерге спорт кешендеріне жалғыз келе беруге және көлік жүргізуге рұқсат еткен еді.

“The Qazaq Times”