Косово азаматтары Приштина (Pristina) орталығына Сербиядан бөлініп, тәуелсіз ел болғандарына 10 жыл толғанын тойлауға шықты, - деп хабарлайды Euronews ақпарат агенттігі.
Косовода туған ұлыбританиялық әнші Рита Ора (Rita Ora) аспан астында өткен концерттің ашылу салтанатына қатысты.
Бұл мерекені жергілікті халық албаниялық косоволықтардың тарихи күресінің нәтижесі деп қарастырады.
Косово азаматы Ариан Ханси (Arian Hansi): «Арманымыз орындалды десек болады. Бар тілегіміз – әлемнің басқа азаматтары сияқты еркін өмір сүру болатын», - дейді.
Дегенмен Косовоның шеше алмай келе жатқан мәселелері жоқ емес. Олар өз кезегінде елдің ЕО-ға кіру-кірмеуіне әсер етеді. Тәуелсіздікті 10 жыл бұрын алса да, Косовоны Сербия әлі мойындамай келеді.
Этникалық албандардың сербиялық қарулы күштердің қолынан қаза табу жағдайы көбейіп кетіп, НАТО 1999 жылы 11 апта бойы балқан елін бомбалағаннан кейін Косово Сербиядан бөлініп шықты.
Ресми түрде Сербия тәуелсіздігін 2008 жылы жариялап, негізгі батыс державаларын қосқанда әлемнің жалпы 100-ден астам мемлекетімен мойындалды. Бірақ ЕО-ның 28 мүшесінің бесеуі (Грекия мен Испанияны қосқанда) Косовоны әлі де тәуелсіз ел ретінде мойындамайды.
Косово президенті Хашим Тачи (Hashim Thaci) бір жыл ішінде Сербиямен келісімге келіп, БҰҰ-ға мүше болуды жоспарлап отырғанын мәлімдеді.