Мұсылмандар үшін қасиетті саналатын Мекке мен Медине қалаларының арасында жүрдек пойыз қатынайтын болды. Сауд үкіметі жүрдек пойыз жолының жобасын аяқтап, сынақ мерзімінің басталғанын мәлімдеді. Бұл туралы «Анадолы» ақпараттық агенттігі хабарлады.
Сағатына 300 шақырымдық жылдамдықпен жүретін жүрдек пойыз Мекке, Жидда, король Абдулазиз атындағы халықаралық әуежай, Король Абдулла қаласы және Медина қатарлы бес аялдама арасында қатынайтын болады. Сауд Арабиясының азаматтарына және қажыларға қызмет көрсетеді.
Мекке мен Медина арасындағы 450 шақырым қашықтықта қатынайтын жүрдек пойыздың сынақ мерзімі басталды. Сынақ уақыты сәтті аяқталатын болса, пайдалануға беріледі дейді патшалық үкімет.


















Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау