Брюссельде орналасқан мешіт Бельгияның ең үлкен мешіті және ол 40 жылға жуық уақыт Сауд Арабиясының қарамағында болды. Euronews ақпарат агенттігінің мәліметінше, Елдегі салафит Рияд қоғамда радикализмді ушықтырады деген қауіппен енді мешітті Бельгияның мұсылман қауымдастығының бақылауына бермек.
Бұл келісім өткен айда Бельгияның СІМ Дидир Рейндерс (Didier Reynders) және оның саудтық әріптесі Адель ал-Джубейр (Adel al-Jubeir) арасындағы келіссөзден кейін жасалған болатын.
Мешітке тұрақты келушілердің айтуынша, бұл мешітте ешқандай радикалды сипатта үгіт-насихат жүргізілмейтін. "Мешітке қарсы қандай да бір дәлел болатын болса, ол уағыздардың өзі. Бірақ оларды аударған күннің өзінде терроризммен немесе радикалды идеялармен байланысты ешнәрсе таба алмайсыз", - дейді олар.
Рияд ұзақ уақыт бойы ультра-консервативті исламның әлемдік экспортері саналып келді. Еуропадағы бірнеше террорлық шабуылдардан кейін кейбір елдер мұсылман қоғамдастықтарын басқаратын, қалыпты (радикалды емес) көзқарастарды ұстанатын имамдарды ынталандыруға тырысты.
Брюссельдің даналық пен әлем бейбітшілігі форумының президенті Халид Хаджидың (Khalid Hajji) айтуынша, мешіттер Еуропа мен Бельгияда таралған діни дискурстарды жаңарту керек.
Сауд Арабияның қазіргі ханзадасы Мухаммед бин Салман (Mohammed bin Salman) радикалды идеяларды насихаттайды деп айыпталғаны үшін шет елдердегі мешіттер мен діни мектептерді қолдауды тоқтатып, 2017 жылы қалыпты исламды насихаттауға уәде бергеннен кейін елде осы бағытта түрлі реформалар қабылдана бастады.