Күні кеше Оңтүстік Кореяның Пиоңчаң (Pyeongchang) қаласында 2018 жылғы Қысқы Олимпиаданың ресми ашылу салтанаты өтті.

Салтанатты рәсімде түнгі аспанды жарықтандырған керемет отшашу, олимпиаданың "бейбітшілік" тақырыбына арналған би және барлық қатысушыларды қамтыған ұлттар шеруі болды.

АҚШ президенті Дональд Трамп пен Солтүстік Корея көшбасшысы Ким Чен Ын болып киініп алған екі адам күзетшілер назарына ілігіп, қауіпсіздік мақсатында стадионнан шығарылған.

Төменде олимпиаданың ашылу салтанатынан фоторепортаж ұсынамыз.

фото: businessinsider.com. Бір сәтте стадион жалынға оранғандай болды.

фото: businessinsider.com. Жауынгерлік өнер көрінісі

фото: businessinsider.com. Бишілерге ортада жануарлар мен өсімдіктер қосылып, барлығы гармонияда өмір сүретін ортаны бейнелейді.

фото: businessinsider.com.
PSY-дың орындауында 2012 жылғы халықаралық хит - "Gangnam Style" да шырқалды.

фото: businessinsider.com. Бишілердің жақыннан түсірілген суреті.

фото: businessinsider.com. Аңыз бойынша, 1000 жылға жуық өмір сүретін феникс құсы сахна ортасында. Ол тек бейбітшілік уақытта ғана адамдарға көрінеді деседі.

фото: businessinsider.com. Бишілер.

фото: businessinsider.com. Алаңда нағыз шоу жасаған мына жігіттер.

фото: businessinsider.com. Кейде тіпті адам өртеніп жатқандай көрінді.

фото: businessinsider.com. Өзінің сандық (digital) білімімен әлемге әйгілі Оңтүстік Корея стадион сахнасында өзен бойымен қайықпен жүзіп келе жатқандай көрініс ұйымдастырды.

фото: businessinsider.com. Қатысушылар шеруі басталғандағы көрініс.

фото: businessinsider.com. Нигерия спортшылары

фото: businessinsider.com. Тонганың туын ұстап шыққан Пита Тауфатофуа (Pita Taufatofua) елдің назарын өзіне аудартты.

фото: businessinsider.com. Солтүстік және Оңтүстік Корея спортшылары бір ту астында шықты.

фото: businessinsider.com. Ямайка спортшылары

фото: businessinsider.com. Бермуд аралдарының өкілдері

фото: businessinsider.com. АҚШ президенті Дональд Трамп пен Солтүстік Корея көшбасшысы Ким Жоң Ун болып киініп алған екі адам күзетшілер назарына ілігіп, қауіпсіздік мақсатында стадионнан шығарылған.

фото: businessinsider.com. Олимпиада қазанын жағуға бара жатқан спортшылар.

фото: businessinsider.com.

фото: businessinsider.com. Олимпиада қазаны жанған сәт.

фото: businessinsider.com. 2018 жылғы Қысқы Олимпиада басталды!

“The Qazaq Times”