Екі апта бұрын Сүрияның солтүстігіндегі күрд әскеріне қарсы шабуыл жасаған Түркия ең көп адам шығынына ұшырады. "Зәйтүн бұтағы" деп аталатын операцияның 16-күнінде түріктің 7 сарбазы күрд әскерінің қолынан қаза тапты, деп хабарлайды Euronews ақпарат агенттігі.
Түрік танкіне жасалған шабуыл кезінде 5 адам мерт болса, қалған екеуі басқа жерде қаза тапқан.
Түркия әскері Африн қаласын көздеп, Ирактың шекарасынан шығысқа қарай қозғалуға бел буған кезден бастап Сүрияның солтүстігіндегі шайқас өршіп кетті.
Түркияның шекарадағы қалалары - Рейханли мен Килистегі босқындар лагерін мыңдаған сүриялықтар уақытша баспана етіп отырғанына қарамастан, осы операциялар басталғалы бері сонда ондаған зымыран тасталды.
Босқындардың бірі: "Сүрияға бомба тасталғаннан кейін Түркияға қашып келіп, мында да оқ астында қалдым. Үйіме жету қауіпсіз болғанға дейін осы Килисте бола тұрамын, - дейді.
Бомбалар, сонымен қатар, Джандараис секілді ауыл маңайындағы қоғамдық орындар мен жергілікті халықтың баспанасын да қиратты.
Осы уақытта Парижде Түркия күрдтерін қолдап, Африн қаласына шабуыл жасаған түріс әскерін айыптап мыңдаған адам наразылығын білдірді. Көтеріліске шығушылар Франция және өзге де батыс билік өкілдерін бірігіп, Түркияға қарсы шығуға шақырды.