Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй (Theresa May) Брекситтен кейінгі уақытқа сауда қарым-қатынасын нығайту мақсатында жақында Қытайға барып келді, деп хабарлайды Al Jazeera ақпарат агенттігі.
2019 жылы ЕО-дан шыққанға дейін Мэй екі ел арасында еркін сауда келісіміне қол жеткізуден үмітті.
Ұлттық Статистика Агенттігінің мәліметінше, Ұлыбритания импортының тек 7%-ы ғана Қытайдан келсе, экспортының 3,1 %-ы Қытайға бағытталады.
"China Natixis"-тың бас экономисі - Жян Уейшю (Jianwei Xu): "ЕО-дан шыққаннан кейін Ұлыбританиямен іс жүргізу Қытайға оңай соқпайды. Себебі Ұлыбритания мен Қытай арасындағы алтын дәуір Ұлыбритания ЕО құрамында болғанда орнатылған болатын. Қытай ЕО-ға Ұлыбритания арқылы шыға алмайтын болса, Қытай үшін оның тартымдылығы да азаяды", - дейді.
Сондай-ақ, ол: "Брекситтен кейін Ұлыбританияға кез келген елмен немесе үшінші жақпен келісімшарт жасасып, ортақ шешімге келу үшін көптеген процедуралардан өту керек болатынын ескерсек, Брэксит ісі біржақты болмай тұрып, көп жақты тариф схемаларын қарастыру ертерек сияқты. Сондықтан қазір Қытай "уақыт көрсетер" деп күтіп отыр" деген пікір айтады.


















Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді