''Democracy Index'' басылымының соңғы мәліметіне қарағанда экономикалық дағдарыс басталған жылдардан бері жаһандық демократияның ең қатты әлсіреген кезі - 2017 жыл. 

Сөз бостандығы мен БАҚ өкілдеріне мемлекет тарапынан көрсетілген қысым өткен жылы шарықтау шегіне жеткен. Сол себепті халықаралық деңгейде арнайы Медиа бостандығы индексі (Media Freedom Index) енгізілді.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша, әлемнің 89 елінде демократиялық шегіну байқалған, тек 27 ел ғана алға жылжыған.

2017 жылда демократиялық индексі ең жоғары 5 елге Норвегия, Исландия, Швеция, Жаңа Зеландия және Дания кірді. Ал демократиялық индексі ең төмен елдер: Солтүстік Корея, Сирия, Чад, Оңтүстік Африка Республикасы мен Конго Демократиялық Республикасы.

Демократия индексі жалпы 5 категорияға негізделеді: сайлау процесі мен плюрализм, азамат құқықтары, үкімет функциясы, саяси белсенділік және саяси мәдениет. Осы категориялармен бірге 60 көрсеткішке сүйеніп, әр мемлекеттің толыққанды демократия, жартылай демократия, гибридті режим немесе авторитарлы режимнің қайсысына жататынын білуге болады.

“The Qazaq Times”