2017 жылы "Эйр Астана" әуе компаниясының жоларушылар тасымалы 12%-ға, кірісі 22%-ға көбейген. Мысалы өткен жылы әуекомпания 4,2 млн жолаушы тасымалдаған. Жүк тасымалы 30%-ды құрады. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.
Астанадан Дели және Киев, сондай-ақ, Лондон, Пекин, Сеул, Мәскеу, Санкт-Петербург, Екатеринбург, Новосибирск, Омбы, Тбилиси, Ташкент, Стамбул, Бангкок, Дубай және Үрімші сынды қалаларға жаңа рейстердің ашылуына байланысты тасымал сыйымдылығы 7%-ға көбейген.
Компания мәліметінше, 2017 жылы жаңа А321neo әуелайнерін сатып алған. Бұл компания флотындағы А320neo лайнерінің екінші түрі. Бұдан бөлек E2 жаңа ұшақтарына тапсырыс берілді, олар2018 жылдың қазан айынан бастап жеткізілетін болады. Тапсырыс берілген ұшақтардың жалпы саны 23-ке жеткен (оның 15-і А320neo ұшағының түрлері, 5-еуі E2, 3-еуі Boeing 787).