Ақпарат көздерінің хабарына қарағанда, миллиардтаған доллар қаржыны қайтармағаны үшін Сауд Арабиясының тақ мұрагер ханзадасы елдегі элита мүшелеріне қысым көрсетіп, сәнді қонақ үйлерге қамауға алған немесе қудалауға ұшыратқан. Бұл туралы «WSJ» басылымы хабарлайды.
Сауд Арабиясы лауазымдыларының айтуынша, Сауд Арабиясының тақ мұрагері Мұхаммед бин Салманның жүргізіп отырған сыбайлас-жемқорлыққа қарсы күрес науқанында патша әулетінің 350 мүшесі және ірі бизнес өкілдері үй қамауына ұсталған. Бұл адамдардың басым көбі төлем төлеген, шамамен 100 млрд доллар қаржы қайтарылған.
Сауд патшалығының прокуратура тарауларының мәліметіне қарағанда, 95 адам үкіметке төлем төлеуге келісім бермей отыр, сондықтан корольдік оларды қудалауға мәжбүр. Сауд Арабиясының лауазымдылары бұл адамдармен келісімге келуге үміткер. Олар бұл тұлғаларды сотқа жөнелткеннен гөрі, шамамен 800 млрд АҚШ доллары көлеміндегі қаржыны үкіметке қайтарған көбірек тиімді деп қарайды.
Дегенмен, Сауд Арабиясының байлары ұзақ уақыттан бері активтерін шетел асырып ұстап келген. Сауд патша үкіметі бұл активтерді еліне қайтару үшін құқықтық талаптарды кемелдендіріп, ауқымды құпия қаржыға қарсы күресуге тура келеді.