Түркияның мемлекеттік басылымы күрдтерге қарсы басталған әскери операцияға наразылық білдірген 24 адамның "терроризмді насихаттады" деген айыппен ұсталғанын жазды. Осыдан алдын мемлекет басшысы Реджеп Тайып Ердоған Сүриядағы күрдтердің Демократиялық Одағы партиясының қарулы әскері YPG тобына қолдау білдірген кез келген адам Үкіметтің қырына ілігетінін ескерткен еді. Бұл туралы AFP ақпараттық агенттігі жазды.
Түркиядағы Доған ақпараттық агенттігі жалпы саны 57 адамға қарсы тергеу жұмыстары басталғанын жариялады. Олар Түркия террористік ұйымдар тізіміне енгізген YPG әскери тобының әрекетін қолдап, ол туралы ақпарат таратқаны үшін айыпталып отыр. Сондай-ақ, Түрік полициясы Стамбул мен Диярбақырда ұйымдастырылған Анкараның әскери операциясына қарсы наразылық шерулерін болдырмай тастады.

















Майдан мен тылдағы қажыту соғысы: 12-14 шілдедегі әскери-стратегиялық ахуал
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр