Израиль мен Үндістан экстремизмге қарсы күрес жүргізу үшін қауіпсіздік саласында күш біріктіреді. Осындай мәлімдеме жасаған Израильдің Премьер-министрі Бенджамин Нетаньяху Үндістанға соңғы 15 жылдағы алғашқы сапары барысында қос мемлекетке радикалды исламның төндіріп отырған қаупіне ерекше тоқталды. Бұл туралы Reuters ақпараттық агенттігі жазды.
Үндістан өзі мұнайға тәуелді болғандықтан Араб мемлекеттерімен қарым-қатынасына сызат түсіріп алмас үшін ондаған жылдар бойы Израильден іргесін аулақ салып келді. Бұл жағдай Үндістанның билеуші Хинди Ұлттық партиясының басшысы Нарендра Модидің Израильге ресми сапармен барып келгенінен кейін түбегейлі өзгерді.
Үндістан Пәкістандағы, ал Израиль Газа секторы мен Египеттің Синай аумағындағы исламның атын жамылған әскери топтардың шабуылынан айтарлықтай зардап шегіп келеді. Кездесуден соң Бенджамин Нетаньяху "Біз қос мемлекеттің азаматтық, қауіпсіздік салаларындағы бірлескен іс-қимылдарын талқыладық" - деді.

















Майдан мен тылдағы қажыту соғысы: 12-14 шілдедегі әскери-стратегиялық ахуал
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр