Аралас жекпе-жектен UFC чемпионы Конор Макгрегор чемпиондық атағынан айырылды.
UFC басшысы Дана Уайттың сөзінше, Макгрегор чемпиондық атағынан екі жыл бойы бір де бір жекпе-жек өткізбегендіктен айырылған. Енді оның чемпиондық белдігіне сәуір айының 7-сі күні Нью-Йорк қаласында ресейлік спортшы Хабиб Нұрмагамедов пен америкалық Тони Фергюсон таласатын болады.
Естеріңізге салайық, 29 жастағы ирландиялық спортшы Конор Макгрегор UFC-де 24 кездесу өткізген. Оның 21-де жеңіске жетіп, 18 кездесуді уақытынан бұрын аяқтаған. Ол өзінің соңғы кездесуін 2016 жылдың қараша айында америкалық спортшы Эдди Альвареске қарсы өткізген. Аталмыш кездесуде Макгрегор қарсыласын техникалық нокаутпен жеңген.