АҚШ-тың федералды тергеу бюросы (FBI) президенттікке үміткер болған Хиллари Клинтонның Clinton Foundation қайырымдылық қорына қатысты жаңа тергеу жұмыстарын бастаған. Бұл туралы құқық қорғау органдарына сілтеме жасап, Hill агенттігі хабарлап отыр.
Ақпаратқа сенсек, тергеушілерді Клинтон мемлекеттік департаментті басқарып отырғанда қордың жұмысы қалай жүргізілгені қызықтырған көрінеді. FBI қайырымдылық қорының «донорлары» қайырымдылық көмек көрсетілгеннен кейін де мемлекеттен көмек алды ма, жоқ па соны тексермек. Сондай-ақ, ұйымның салық заңнамасына сәйкестігі қаралмақ.
Ал бұл тексеру жұмыстарына қатысты әзірге Clinton Foundation мен Хиллари Клинтонның өкілдері ресми жауап бермеген.
Клинтон мемлекеттік хатшы болған кезінде өзінің жеке пошта сервері арқылы ресми хаттар алмасқан. 2015-2016 жылдары FBI осыған байланысты да құпия ақпараттар болуы мүмкін екенін алға тартып тергеу жүргізеді. Алайда тергеу бюросы Клинтонға қатысты ешқандай қылмыстық іс-әрекеттерді таппаған.

















Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі