Түркия, Ресей және бірқатар елдің қауіпсіздік күштері таратқан мәліметте, Ирак пен Сүриядан жеңіліс тапқан ДАИШ террорлы ұйымы Ауғанстанға қарай бағыт алғаны айтылған. Бұл туралы «Анадолы» ақпарат агенттігінің ресми сайты хабарлайды.

Ауғанстан жерінде осыған дейін «ИМ» күштері мен жергілікті Талибан қарулылары арасында қақтығыстардың болғанын, оның себебі ықпал көлемін арттыру үшін жасалып жатқан туралы хабарланған еді. Түркия, Ирак, Ресей қатарлы елдердің және Тәжікстандағы Ресей елшілігінің берген мәліметтеріне сенсек, соңғы кезде ДАИШ ұйымы Ауғанстандағы күшін арттыра түскен. Қазір Ауғанстан жерінде ДАИШ-тың 10 мыңнан астам мүшесі бар.

Ресейдің Тәжікстандағы елшілігі берген мәліметке сүйенсек, аталған ұйымның мүшелері Ауғанстанның солтүстігіндегі Тәжікстан және Түркіменстанмен шекаралас өңірлерге көптеп шоғырланған.

“The Qazaq Times”