Кеше саясаткер Михаил Саакашвилиді үйінің шатырында қолға түсіріп, тұтқындауға алып кетуге келген полиция халықтың тарапынан үлкен қарсылыққа ұшырады. Киевте бірнеше сағатқа созылған қарсылық нәтижесінде, халық Михаил Саакашвилиді құқық қорғау қызметкерлерінің қолынан босатып алды. Бұл туралы ВВС ақпараттық агенттігі оқиға орнынан арнайы репортаж жасады.
Михаил Саакашвилиге Ресеймен астыртын байланысы бар, қылмыстық топтарды қаржыландырған деген айыптар тағылып отыр. Оның қорғаушысы саясаткерді "мемлекеттік төңкеріс" жасамақ болған деген күдікпен ұстағанын айтады. Михаил Саакашвили көлікке бет алған кезде жиналған халыққа "Қарсылық білдіріңдер! Бұл - заңсыздық" (Сопротивляйтесь! Это - беззаконье) деп дауыстады.
Михаил Саакашвилиді абақтыға алып кетуі керек болған көлік айнала қоршаған халық пен полиция қақтығысынан қозғала алмай ұзақ тұрды. Құқық қорғау қызметкерлері халыққа қарсы ащы газ қолданды. Соңында көптің қарсылығы нәтижелі аяқталып, Михаил Саакашвили көліктен босатылды. Өз қолдаушыларының арасында тұрған ол тілшіге берген сұхбатында өзінің тұтқындалуын "саяси мотивтермен" байланыстырады.
















ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы