Халықаралық желі шабуылмен айыпталған қазақстандық хакер Карим Баратов сейсенбі күні «2014 жылғы Yahoo компаниясының (Yahoo! Inc. /YHOO) қауіпсіздік жүйесіне шабуыл жасау ісіне тікелей қатысы бар» деген айыпты мойындауы мүмкін. АҚШ-тың Федералдық айыптау актісінде шабуыл жоспарын ресейлік шпионның жоспарлағаны айтылған. Бұл туралы «WSJ» басылымы хабарлады.
22 жастағы Қазақстан және Канада азаматы Карим Баратов биыл наурызда Торонтода ұсталған. Көп өтпей АҚШ шенеуніктері федералдық шағым жариялап, Баратовты екі ресейлік тыңшымен бірлесіп Yahoo компаниясының деректерін ұрлады деп айыптады. Бұл туралы Баратовтың адвокаты түсінік беруден бас тартты.
Солтүстік Калифорния сотының веб-сайтындағы мәліметте «Баратов сейсенбі күні таңертең болатын АҚШ Федералдық судьясы Винс Чхабрия (Vince Chhabria) төрағалық еткен Сан-Францискодағы сот отырысына қатысады» делінген. Сонымен бірге, бұл отырыста Баратов өзінің кінәсіз екенін дәлелдеуіне мүмкіндігі бар.
Дереккөздерінің мәліметіне қарағанда, Баратовтың адвокаты мен федералдық айыптаушылар арасындағы ұзақ уақытқа созылған келіссөзден кейін, Баратов кінәсін мойындайды деп күтілуде. Қазіргі уақытта Баратовтың өзін ақтау өтінішінің шарттарын анықтау мүмкін емес. Дегенмен, екі жақ та ұсынылған келісімді жою туралы шешім қабылдай алады.