Дональд Трамп – АҚШ-тың ресми 45-ші президенті. Өзіне дейінгі президенттерге қызмет еткен, «Boeing 757» аталатын бірінші персоналды авиалайнер енді  (VC – 25 AS) «Air Force One»-ға  тиесілі болмайды. Бұл туралы businessinsider.com хабарлайды.

Түсіндіріп өтейік, Air Force One – АҚШ президенттері үшін қызмет етіп келе жатқан ұшақтардың бірі. Оның екі түрі бар: біріншісі - Boeing 757-200В болса, екіншісі –  Boeing С-32. Тарихқа үңілер болсақ, АҚШ тарихында 1910 жылы Теодор Рузвельт ұшақпен ұшқан алғашқы президент болды. Оның ұшқан ұшағы да осы – Air Force One болатын.

"Трамп" ұшағы. Фото: businessinsider.com

45-ші президенттің таққа отырысымен осы авиалайнерлерге біраз өзгерістер енгізілуде. Жаңа «Trump Force One» ұшағы – Трампқа (Oval Office) арналған ең атақты символдардың бірі.  Discovery Channel арнасынан көрсеткен деректі фильмде,  құстың суреті бейнеленген ұшақты, президенттің өзі  «T-bird» (Трамп-құсы) деп атауды жөн көреді. Трамп Boeing 757 – құны 100 миллион АҚШ долларына бағаланған. Бұл нарықтаға бағалармен салыстырғанда әлдеқайда жоғары сома екенін айта кеткен жөн.

"Трамп" ұшағы. Фото: businessinsider.com

Доналд Трамп аталмыш авиалайнерге 2011 жылдан бастап (N757AF ұшағына) иелік етеді екен және ұшақ оның талғамына сай жасалынған. Бұл ұшақ қандай қызметте пайдаланылатыны әлі белгісіз. Болжам бойынша, ұшақтар Трамптың отбасы немесе «Трамп командасына» қызымет ететін көрінеді.

"The Qazaq Times"