Германия мен Сауд Арабиясы арасында кірбеңдік өрши түсті. Сауд Арабиясы сенбі күні өзінің Германиядағы бас елшісін қайтарып алды. Бұл қадамын Германия СІМ-нің Сауд жұртын Ливан мәселесі бойынша айыптағанына қарсы реакция екенін анық аңғартты. Бұл туралы Франция ақпарат құралдарына сілтеме жасай отырып «Шинлаң» ақпараттық сайты хабарлады.
Осыдан бұрын Германия СІМ басшысы Зигмар Габриель Сауд Арабиясының Ливан премьер-министрі Саад Харириге қаратқан әрекетін айыптап, оны өңір тыныштығына нұқсан келтіретін жүгенсіз әрекет деп сынға алған. Сауд режимінің осы қатарлы әрекеттеріне де наразылығын білдірген. Дегенмен, Германияның бұл сынын Сауд жұрты көтере алмады. Сенбі күні Германиядағы елшісін қайтарып алуымен бірге, Риядтағы Германия елшісін шақырып қарсылық нотасын ұсынды.
Германия Сауд Арабиясының бұл әрекеттерінен кейін Орта Шығыс мәселесіне алаңдаушылық білдіріп, мәлімдеме таратты.


















Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау