Қара құрлықтан әлемге тараған елең еткізер хабар – Зимбабве президентінің әскерилер жағынан қамауға алынуы болды. Әскери күштер ел президентін үй қамағында ұстап отыр. Зимбабвенің болашақ президенті туралы Роберт Мугабе мен әскери күштердің арасындағы келіссөз бірнеше сағатқа жалғасса да, одан жарытымды нәтиже көрінбеді. Олай болса Африканың бұл еліндегі дүрбелеңнің тууына не себеп болды? BBC-дің сарапшылары бұған арнайы талдау жасады.

Зимбабвенің жағдайына талдау жасаған халықаралық сарапшылар мына 5 түрлі жағдайды көрсетіп береді:

1 Қирандының үстіндегі экономика

Аталған елде 10 жылдан бері экономикалық дағдарыс арт-артынан туылды. Елдегі жұмыссыздық осы жылдары 90 пайызға артқан. Зимбабве 2008 жылы шегіне жеткен гиперинфляцияны бастан өткерді. Мемлекет өзінің валютасынан бас тартуға мәжбүр болды. Қағазға айналып қалған ақшаларынан бас тартып, АҚШ доллары және Оңтүстік Африканың рэндін пайдаланды. Халықаралық валюта қоры бірнеше рет кепілдікке алғанымен жалғасты тез құнсызданып отырды. Елдің банк жүйесі де мидай былықты. Осыған байланысты елде криптовалюталардың қолданысы артты. Сәрсенбі күні елді әскери күштер бақылауына алғанын жариялағаннан кейін бұл түрдегі валюталардың бағасы қымбаттап кетті.

2 Мугабе екі сөзді лидер

93 жастағы Мугабе өзіне қарсы айтылған сын-пікірлерге қарамастан елді 37 жыл басқарды. Шетелдерде оны «қара сайқымазақ» ретінде суреттесе де, бұл биліктің ауысуына ықпал ете алмады. Себебі, ол билік басына шыққан алғашқы жылдарда елдегі аз санды ақ нәсілділердің ықпалына қарсы күрескен батыр және революционер болып танылады. Оның басқарған партиясы капитализм мен колониализммен күресіп жатқанын алға тартып, елдің экономикалық жағдайы үнемі артқа сырылып келді. Мугабе үнемі «Мен революция соңына шыққанда орынымды босатып беремін» деп келді. Тіпті ол орнына мұрагерін өзі дайындап кететінін де айтқан еді.

3 Зимбабведегі оппозиция

1980 жылы Мугабе премьер-министр болып билікке келгенде елде оппозициялық партиялар мен топтар бар еді. 1987 жылы Мугабе елдің Конституциясына өзгерістер енгізіп президент болды. 1999 жылы Морган Цварнгираның Демократиялық өзгерістер жүргізу делінген науқан болды. әлсіреген ел экономикасына қарамастан жұмыс тастау және түрлі демонстрация орын алды. Мугабе осы кездерде ықпалды оппоненттерді шетке сырылды. Ол елдегі қиындықтардың бәрін осы қарсы топтағыларға айып етіп тақты. Өзіне қарсы лауазымдылардың бәрін шетке қағып отырды. Тіпті жақында өзінің көп жылғы жақтасы вице-президент Эммерсон Мнангагваны да қызметтен себепсіз алып тастады. Бұл қадамы оның өзінің мұрагеріне жас жұбайы Геристі қою үшін жасалғаны анық болды. Бұл оның әскерилер жағынан қамауға алынуына тікелей ықпал етті.

4 Жаңа басшы келсе елеулі өзгерістер жасай ала ма?

Сарапшылар, егер президенттікке Эмморсон келер болса оның Мугабеден пәлендей бір айырмасы болмайтынын айтуда. Олда тәуелсіздік соғысының ардагері саналады. Оның елдегі ықпалы негізінен басқарушы партия мен қарулы күшті байланыстырушы ретінде қалыптасқан. Ол және азаматтық соғыс кезінде жазықсыз халықты қырғындау ісімен айыпталып келеді. Оған қоса оппозиция өкілдеріне қол салғаны туралы да көп рет айтылған. Шын мәнісінде 40 жылдан бері елді тәуелсіздік үшін күрескен ардагерлер басқарып келді.

5 Алдағы уақытта Зимбабвені кім басқаруы мүмкін?

Елдің қазіргі жағдайына және халықтың қолдауына қарағанда Мугабемен теңдесетін адам жоқ. Қарулы күштер президенті қамаққа алудағы мақсаты оның төңерегіндегі қылмыскерлерді аластау деп көрсетті. Демек, қарулы күштер де Мугабеге қарсы тұру үшін әрекет етпеген болып отыр.

Көптеген сарапшылар Мугабенің жалғасты билікте қалу мүмкіндігі жоғары деген болжам жасайды. Тағы бір топ сарапшылар, Мугабе ел билігінің ақсақалы ретінде ел басқарып, көмескіде біреу билік жүргізуі де мүмкін дегенді алға тартуда.

“The Qazaq Times”