NASA астероидтармен күресетін топ құрды – деп хабарлайды Oxu.az ақпарат көзі.
Oxu.az мәліметінше, жақында NASA жерге қауіп төндіретін астероидтарды зерттейтін халықаралық ғалымдар тобын құрған. Бұл топқа АҚШ, Жапония, Ресей, Италия, Германия, Израиль, Оңтүстік Африка, Колумбия, Канада және Голландия ғалымдары кірген. Аталмыш топтың міндетіне жерге жақын ұшып жүрген астероидтардың салмағын, көлемін, ұшу бағытын есепту және жерге қаншалықты қауіпті екендігін анықтау кіреді.
Ғалымдар жерге қауіпті астероидтарды анықтаудағы алғашқы тәжірибелерін Оңтүстік Еуропада зерттеу обсерваториясында жүргізген. Әлемнің он елінен келген ғалымдар тобы телескоп арқылы жерге жақын қашықтықта ұшып өткен "2012 ТС4" астероидының ұшу бағыты мен көлемі қанша екендігін анықтаған. NASA ғалымдарының сөзінше, болашақта бұндай тәжірибелерді әр мемлекет өз бетінше жүргізе беретін болады.


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Бейбітшілікке бөгет болған логика: Украина–Ресей соғысының шешілмейтін түйіні
Наразылықтың түп-төркіні: Иран қоғамын алаңға шығарған негізгі себептер