АҚШ Конгресі қабылдаған жаңа ереженің пәрменімен Трамп үкіметі жексенбі күні Ресейдің 39 қару-жарақ саудасына қатысты компаниясына санкция салды. Бұл туралы «Шинлаң» ақпараттық сайты жазды.
Трамп өзінің президенттік құқығын шектейтін бұл жаңа ережеге қарсы болып келген. Дегенмен Конгресс мүшелерінің басым көпшілігінің дауыс беруімен бұл ереже қабылданған еді. Тамыз айында қабылданған бұл жаңа заң АҚШ-та талас тудырған. АҚШ қана емес Ресей және ЕО елдері де бұл жаңа ережеге таңдана қараған. Онда Ресейге салынатын санкцияларды АҚШ президенті күшінен қалдыра алмайды деп белгіленген.
Жаңа заңдағы ереже бойынша АҚШ Мемлекеттік департаментіне 60 күн ішінде Ресейдің қару-жарақ саудасына және барлау агенттерімен байланысы бар компаниялардың толық тізімін жасауды міндеттеген. АҚШ Мемлекеттік департаменті 27 қазан күні бірқатар ресейлік компаниялардың тізімін ресми сайтында жария етті.
Құрама Штаттың Мемлекеттік департаментінің мәлімдеуінше, бұл компанияларға қару-жарақ пен әскери техниканың ірі экспорттаушылары «Ресей Қорғаныс өнімдерінің экспорттау корпорациясы» қатарлы компаниялар кіргізілген. Тізімде тағы қару-жарақ өндіруші танымал кәсіпорын «Калашников» та бар.

















Майдан мен тылдағы қажыту соғысы: 12-14 шілдедегі әскери-стратегиялық ахуал
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр