Алдағы жылдары бүкіл әлемдегі жас мұсылмандардың саяхатқа жұмсайтын қаржысы екі есеге ұлғаяды. HalalTrip және Mastercard компанияларының бірлесіп жүргізген зерттеулерінің нәтижесінде Ислам туризмі жақын болашақта 300 млрд доллар пайда әкелетіні анықталған. Бұл туралы APF ақпараттық агенттігі жазды.
Мұсылмандардың турист атануының жиілеуі Халал индустриясының күрт дамуына әкеледі. Сонымен алдағы уақытта халал стандарттарына сай қызмет көрсететін мейрамхана, қонақ үйлер мен дүкендердің саны артуы мүмкін.
Мұсылман жанұялар әдетте отбасының бүкіл мүшелерімен жылына бір рет өзге елде демалыс ұйымдастырады. Бірақ соңғы кездері 20-36 жас аралығындағы мұсылман жастар білім, ғылым іздеп, жұмыс не өзге де қызығушылықтары бойынша шет елге жылына бірнеше рет шығады. Табыс табуды көздеген компаниялардың негізгі арқа сүйейтін аудиториясы да - осылар.
2016 жылы туризмдегі ислам діні өкілдерінің сегменті 156 млрд $ болса, оның 55 млрд $ шығыны - жастарға тиесілі. Сарапшы мамандар 2024 жылға қарай бұл көрсеткіш 100 млрд долларға дейін артатынын айтады.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі